НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан — Sputnik. Түркістан облысының Абай ауылында үш жыл бойы жасөспірімді зорлаған бұрынғы полицей 15 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жәбірленушінің адвоваты Айман Омарова Sputnik Қазақстанға Сәкен Сейітжапаровқа сот үкімі сәрсенбі, 19 ақпан күні шыққанын хабарлады. Прокурор 11 жыл сұраған, алайда судья Қасым Қалмағамбетов 15 жыл берді.
"Сейітжапаров 16 жастағы жәбірленушіні бірнеше жыл бойы зорлап келген. Оған бірнеше бап бойынша 15 жыл берілді. Оқиғадан кейін бес жыл өткен соң болған жағдайды дәлелдеу оңай болмады. Бірақ бұл біздің қолымыздан келді. Жәбірленуші мен жақындары сот әділ болатынына сенбеген еді", - деді адваокат.
Жәбірленушінің сөзі
2018 жылдың жаз айында Sputnik Қазақстан Түркістан облысы Абай ауылының 22 жастағы тұрғынының жантүршігерлік оқиғасы туралы хабарлады. Жігіт өзін 16 жасынан бастап екі ер адамның зорлап келгенін және олардың біреуінің үстінде полиция формасы болғанын айтады.
Алғаш рет оны 2012 жылдың наурыз айында зорлаған. Сұмдық қылмыс үш жыл бойы жалғасып келіпті. Айтуынша, зорлап қана қоймай, интимдік видеолармен бопсалап, ақша талап еткен. Баласының басынан өткен жағдай туралы білген кезде ата-анасы екі ер адамның үстінен шағымданған.
Тағы оқыңыз: Абай ауылында зорланған жігіттің ісі: күдіктілердің бірі видеоға түсіп қалған
Жантүршігерлік оқиғадағы екінші жәбірлеуші 1979 жылы туған ер адам. Полицияның бұрынғы қызметкерінің әрекеті туралы білген ол да оқушыны зорлап, ақша бопсалай бастаған.