Экономика

"Котёл" ойыны: Тоқаевтың кеңесшісі өз ойын ашық айтты

© Sputnik / Абзал Калиев Портмоне с деньгами
 Портмоне с деньгами - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгінде ішкі істер министрлігі бұл ойынға қатысты арнайы тексеру жұмысын жүргізіп жатқанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан – Sputnik. Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайбергенов "Котел" ойынымен күресудің жаңа амалы ретінде – банктер 14 300 теңгені аудармау керек екенін айтты. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды.

Оның пікірінше, "Котел" ойынының негізгі тәртібі мынадай:

  • Кіру сомасы көп емес;
  • 4 деңгейлі тетікпен жылдам әрі тез "ойнау";
  • Қайта кіру мүмкіндігі бар;
  • Бірыңғай орталықтың болмауы.

"Міне, "Черный касса" ойынымен осындай ұқсастықтары арқылы бұл ойын адамдарды оңай шатастыруы мүмкін. Артықшылығы – "Котел"-да бірыңғай орталық болмағандықтан, адамдар айналым біткенше өз кезегін күтпейді. Соның өзінде бұл ойын түрі таныс емес адамдар арасында тез таралып жатыр. Ал мұның алдын алу үшін 14 300 теңге аударатын банк шоттарын бұғаттаса жеткілікті. Тіпті, бұрын аударылған қаражаттарды да кері қайтаруға болады. Ең бірінші бенефициардың да есебін шығару мүмкіндігі бар", - деп жазды Құдайбергенов.

Тағы оқыңыз: "14 мың сал да, 114 мың ал": сарапшы жаңа қаржы пирамидасы туралы шындықты айтты

Еске сала кетсек, қазақстандықтар арасында желі арқылы жеңіл ақша табуға шақыратын түрлі хабарламалар кең тарала бастаған болатын. Кейін ішкі істер министрлігі "Котел" немесе Черная кассаға" қатысты арнайы тексеру жұмысы басталғанын мәлімдеді.

Жаңалықтар
0