Спорт

Головкин жарақат алып қалды

© AFP 2024 / Steven RyanГеннадий Головкин победил в бою с Сергеем Деревянченко
Геннадий Головкин победил в бою с Сергеем Деревянченко - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Головкиннің жарақат алуына байланысты оның поляк Камил Шереметаға қарсы жекпе-жегі ресми түрде кейінге қалдырылды

НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан – Sputnik. ESPN.com орта салмақтағы IBF/IBO чемпионы Геннадий Головкин оң аяғынан жарақат алып, алдағы жекпе-жегін кейінге қалдырғанын хабарлады, деп жазды Sports.kz.

Осы себепті GGG командасы IBF ұйымынан белбеуді міндетті қорғау мерзімін ұзартуды сұрады.

Естеріңізге сала кетейік, Геннадийдің міндетті қарсыласы поляк Камил Шеремета болуы тиіс еді.

"Өте жақсы дамыған": Макгрегор Қазақстан туралы сұраққа жауап берді

Badlefthook.com мәліметінше, Шереметамен айқас енді мамыр немесе маусымда өтеді. Әуелі ол 29 ақпанға жоспарланған еді, кейін 28 наурызға, одан 11 сәуірге ауыстырылды.

DAZN стримингтік сервисінің өкілі Головкин-Шеремета жекпе-жегі үшін басқа күн іздеп жатқандарын растады. Промоутер Том Леффлер түсініктеме беруден бас тартты.

Айта кетейік, Геннадий жарақат алғаннан кейін жекпе-жекке дайындалып жатқан SNAC System оқу-жаттығу лагерінен кетуді ұйғарды.

 

Жаңалықтар
0