Экономика

Тоқаевтың тапсырмасынан кейін қомақты қаржы үнемделмек

© Sputnik / Владислав ВодневЗаседание правительства
Заседание правительства - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы негізсіз шығындарды қысқартуды жалғастыруды тапсырған еді

НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Қазақстан үкіметі негізсіз шығындарды қысқарту аясында 128,6 миллиард теңге үнемдейді. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы негізсіз шығындарды қысқарту бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырған еді. Тапсырманы орындау үшін қаржы министрлігі шығыстарды талдау бойынша жұмыс жүргізіп, ұсыныстар әзірледі.

"Жалпы алғанда, 128,6 миллиард теңге шығысты оңтайландыру ұсынылды. Оның ішінде мемлекеттік органдардан 23 миллиард теңге, өңірлерден 26,6 миллиард теңге мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінен 79 миллиард теңгеге ұсыныстар түсті", - деді Смайылов үкімет отырысында.

Айтуынша, мемлекеттік бюджет бойынша семинарлар мен конференциялар өткізу, автокөлік, жиһаз сатып алу бойынша 4,2 миллиард теңгені, іссапар, өкілдік шығыстар, талдамалық зерттеулер бойынша 15,7 миллиард теңгені, өзге де негізсіз шығындар бойынша 29,7 миллиард теңгені үнемдеу ұсынылды.

Қаржы министрі бұл ұсыныстар кезең кезеңмен жүзеге асырылатынын атап өтті. Сонымен қатар, Әлихан Смайылов ұлттық экономика министрлігі қаржы министрлігімен бірлесіп, квазимемлекеттік сектордың бюджетке төлеп отырған дивидендтер көлемін 50%-ке жеткізу мәселесін пысықтауды жылдамдату қажеттігін жеткізді.

Жаңалықтар
0