Оқиға

Түркістанда дабыл қағылды

© Sputnik / Александр Кряжев / Фотобанкке өтуВесенние паводки, архивное фото
Весенние паводки, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Облыс орталығының құтқару қызметі көктемгі су тасқынына дайындық жасап, түнгі жаттығулар өткізді

АЛМАТЫ, 18 ақпан – Sputnik. Түркістанда ақпанның он сегізіне қараған түні дабыл қағылды, деп хабарлайды Otyrar.kz порталы.

Басылымның хабарлауынша, Түркістан қаласының әкімдігі су тасқынына дайындық жасап, құтқарушылар үшін түнгі жаттығулар ұйымдастырған. Оқу-жаттығу жұмыстары қала маңында өткізілді.

"Жаттығу барысында Шаған каналының арнасын тазаладық, қамыс өртедік. Көктемде қар еріген кезде мәселе туындамас үшін бірнеше шақырымды тазалап, канал аштық. Көктемде су тасқыны болады деп күтілуде. Төтенше жағдай болмас үшін осындай оқу-жаттығу жұмыстарын өткіздік", - деді Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Талғат Досалиев.

Жаттығу жұмыстарына Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов та қатысты.

"Оқу-жаттығуларға жүзден астам адам, отыздан астам арнайы техника жұмылдырылды. Қала тұрғындарына қауіп төніп тұрған жоқ, бұл жай тексеру әрі жаттығу жұмыстары. Қалада бәрі тыныш, алаңдамаңыздар", - деп түсіндірді Рашид Аюпов.

Порталдың мәліметінше, қала әкімі құтқарушылар кез келген сәтте төтенше жағдайға дайын болуы үшін осындай жаттығулар жиі өткізіліп тұрады деп уәде берген.

Жаңалықтар
0