Өңірлер

Басынан теуіп, темір құбырмен ұрған: Шымкентте әскери қызметкер сотталды

© Sputnik / Абзал КалиевУголовный кодекс Казахстана
Уголовный кодекс Казахстана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Атыс алаңының бұрынғы бастығы қоластындағыларды ұрып-соққаны үшін 3 жылға сотталды, сондай-ақ әскери атағынан айырылды

АЛМАТЫ, 18 ақпан – Sputnik. Шымкент гарнизонының әскери соты "Ақтас" оқу орталығының аға маманы, № 65 әскери бөлімі атыс алаңының бастығы қоластындағыларды ұрып-соғып, қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Әскери қызметкерге қатысты қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 451-бабының бірінші бөлігі "Билiктi немесе қызметтiк өкiлеттiктердi асыра пайдалану" және 450-бабының бірінші бөлігі "Бастықтың немесе лауазымды адамның билiктi немесе қызмет бабын өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында қызмет мүдделерiне қайшы теріс пайдалану" бойынша қаралды, деп хабарлады Шымкент гарнизоны әскери сотының баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Шығыс Қазақстанда ефрейтор өзіне тіл тигізген сарбазды соққыға жықты 

Соттың анықтауынша, өткен жылдың қазанында сотталушы жәбірленушіге бұйрық берген, алайда бұйрық дұрыс орындалмаған. Ашуға булыққан сотталушы оның аузынан, бірнеше рет басынан тепкен. Қолымен және темір құбырмен бетінен ұрған.

Бұл істе тағы бір әскери қызметкердің жарақат алғаны анықталды. Оны бұрынғы бастығы "бұйрықты дұрыс орындамағаны үшін" бетінен, басынан, арқасынан ұрған.

Сонымен қатар өткен жылдың тамызында сотталушы қоластындағы төрт қызметкерді құжат жүзінде жұмыстан босатып алып, үйіне апарып түрлі құрылыс жұмысын істеткен.

Сот талқылауының нәтижесінде, Шымкент гарнизоны әскери соты қылмыстық істі сотталушының жәбірленушілермен татуласуына байланысты Қылмыстық кодекстің 451-бабының бірінші бөлігі (Билiктi немесе қызметтiк өкiлеттiктердi асыра пайдалану) бойынша қылмыстық істі тоқтатты.

Сотталушы Қылмыстық кодекстің 450-бабының бірінші бөлігімен кінәлі деп танылды (Бастықтың немесе лауазымды адамның билiктi немесе қызмет бабын өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында қызмет мүдделерiне қайшы теріс пайдалану). Оған үш жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты. Сондай-ақ, өмір бойы белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан, әскери атағынан айырылды.

Жаңалықтар
0