Экономика

Сауда министрі азық-түлікті қай жерден арзанға сатып алуға болатынын айтты

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуПокупательница в супермаркете, архивное фото
Покупательница в супермаркете, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сауда саласын цифрландыру азық-түлік бағасын төмендетуге мүмкіндік береді, деп мәлімдеді министр

НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов сауда саласын цифрландыру азық-түлік бағасын төмендетуге мүмкіндік береді деп санайды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісі хабарлайды.

Сұлтанов азық-түлік саудасын дамыту мақсатында "Onay Bazar" мен "HHappyFood.kz" электронды платформаларын дамытуға қолдау көрсетілгенін айтты.

"Олар тұтынушыға үйден шықпай-ақ тауар сатып алуға мүмкіндік береді. Мәселен, базардағы сәбіз 100 теңгеден сатылса, Onay Bazar-да 85 теңге ғана тұрады", - деді ол үкімет отырысында. 

Айтуынша, фермерлердің отандық өнімді бәсекеге қабілетті бағамен сатуы үшін "Agro Labs" платформасы әзірленіп жатыр.

"Сауда саласын цифрландыру азық-түлік бағасын төмендетуге мүмкіндік береді деп ойлаймыз", - деді министр.

Қазір нарықта шамамен 13 қазақстандық сауда алаңы жұмыс істейді. Kaspi.kz, flip.kz, chocofamily, mechta.kz және де басқа электронды коммерция платформаларында тауарлар мен қызметтердің шамамен 20-дан астам категориясы бар.

Сондай-ақ, сауда министрлігінің қолдауымен "BTS Digital" компаниясы "PRICE SCANNER" қосымшасын әзірлеп жатыр. Ол әлеуметтік маңызды және де басқа да азық-түліктің бағасын бақылап отыруға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, ведомство "бір терезе" қағидаты бойынша шағым қабылдаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құруды көздеп отыр. Бұл жүйенің көмегімен тұтынушы интернет арқылы шағымдана алады.

Жаңалықтар
0