АЛМАТЫ, 18 ақпан – Sputnik. Деструктивті діни ағымның екі ұстанушысы қоғамдық орындарда террористік актілер дайындады деген күдікпен ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды, деп хабарлады ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
Жедел-іздестіру шаралары 14 ақпанда жүргізілді.
"Тергеу материалдары бойынша қамауға алынғандар адамдар көп шоғырланған орындарда террористік актілер дайындаған", - делінген ақпаратта.
Ұсталған күдіктілердің мекенжайын барып, тексеру кезінде қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, оны жасауға арналған заттар, суық қару, шабуылға арналған фото және бейне жасайтын смартфондар табылды.
Тағы оқыңыз: ҰҚК қылмыстық топ мүшесі ұсталған сәттің видеосын жариялады
Қамауға алынғандарға қатысты қылмыстық кодекстің 255-бабы ("терроризм актісіне дайындалу") және 256-бабы ("терроризмді насихаттау") фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр.