Әлем

Полюсте адамдар қалай өмір сүреді

© Sputnik / Valery Melnikov / Медиабанкке өтуБоец отряда специального назначения МВД Чеченской Республики во время учений в районе Северного полюса
Боец отряда специального назначения МВД Чеченской Республики во время учений в районе Северного полюса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Томтор – Якутияның қар басқан аумағындағы кішкентай ғана ауыл. Әлемдегі ең суық жерлердің бірінде адамдар қалай өмір сүреді екен?

НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Бірнеше музей, клуб, спортзал, мектеп, аурухана, әкімшілік, дүкендер – ерекше ештеңе жоқ, бірақ дәл осы жерге туристер көп келеді, деп хабарлайды РИА Новости басылымы.

Себебі, бұл - ғаламшардағы ең суық жерлердің бірі. Қонақтар "якут отшашуына" – қайнаған су тамшыларының қатуына таң қалып, минус 60 градуста қатпайтын өзенде шомылып жатқанда, жергілікті тұрғындар пеш жағып, жылқы етіп жеп, ат және бұғы шаруашылығымен айналысады. Сонымен, адамдар суық полюсте қалай тұрады екен?

Якутск қаласынан Томтор ауылына дейін 900 километр, бір тәулік көлікпен жүру керек. Жолдың басым бөлігі Саха Республикасы арқылы Магаданға өтетін федералдық тас жол бойымен өтеді. Бірақ Томторға дейінгі соңғы 150 шақырымды жергілікті маңызды нашар жолмен жүруге тура келеді.

Тағы оқыңыз: Әскери сарапшы Арктиканың үстінен құрылатын күмбез не үшін қажет екенін айтты

Қыста жолдар жақсы, ал көктемде мүлдем нашарлайды. "УАЗ-бен өтуге болады", - деген сөз маусым аралығындағы жергілікті көлік қатынасын қысқа ғана сипаттап тұр. Десек те, жылы кезде Томторға ұшақ қатынайды, әуе билеті 13 мың рубльден астам тұрады. Ал машинамен екі есе арзан, сондықтан әуе транспорты жиі қолданыла бермейді.

"Якутск қаласына дейін жол өте жақсы, такси жүреді. Барлығы үйренген. Көктемде немесе жазда қиын. Қар еріген кезде жолдар әрдайым жаман – су, лай, шалшық", - деп әңгімеледі зейнеткер Валентина Прокопьева.

Өмір бойы Томторда тұрған қарт якут әжейді нашар жолмен таң қалдыра алмайсың.

Егер Томтор тұрғындары "суық" десе, онда далада минус 60 градус деген сөз. Ресейдің орталық бөлігі үшін қорқынышты саналатын минус 40 градус бұл жерде аяз саналмайды екен.

Тағы оқыңыз: Антарктиданың тыныс-тіршілігі қандай?

Томтор ауылының тыныс-тіршілігі жайлы толығырақ РИА Новости материалынан оқи аласыздар.

Жаңалықтар
0