Оқиға

Тәтті тоқаш жеген қыз тіл тартпай кетті

© Photo : CC0 / amanatcgПирожные
Пирожные - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаза тапқан қыз жиырма үш жаста ғана болған. Қазір оқиғының мән-жайы анықталып жатыр екен

НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Мәскеудегі тамақтанатын орындардың бірінде тәтті тоқаш жегізу конкурсына қатысқан қыз тіл тартпай кетті, деп хабарлайды РИА Новости.

Қайғылы оқиға Killfish барында болған. Ерекше сайыста көш бастаған жиырма үш жастағы қыз соңғы секундтарда қақалып, есінен танып қалған.

Қасында болғандардың ешқайсысы оған көмектесе алмаған, ал жедел жәрдем дәрігерлері қыздың өліп кеткенін айтқан. Өлімнің нақты себебі әлі айтылған жоқ.

Тағы оқыңыз: Құрма бүкіл адамға пайдалы емес – кімдерге жеуге болмайды?

Қаза тапқан қыздың әкесі Рен-ТВ телеарнасына баласының ауырғанын және оған алкоголь ішуге болмағанын жеткізіпті.

Тұтынушылар құқығын қорғау саласындағы федералдық бақылау қызметінің бұрынғы басшысы, мемлекеттік дума депутаты Геннадий Онищенко тамақ жегізу конкурстарын қауіпті деп атап, оларды өткізуден бас тартуға шақырды, деп хабарлайды РИА ФАН

Тағы оқыңыз: "Сау жерім қалмады": жазылмайтын ауруға шалдыққан астаналықтың әңгімесі

Жаңалықтар
0