Өңірлер

ҰҚК Шымкенттегі қылмыстық топқа қатысты ақпаратты бөлісті

© Photo : Официальный сайт КНБ Казахстана В Шымкенте осуждены участники преступной группы за незаконное изготовление и сбыт оружия Напечатать страницу
 В Шымкенте осуждены участники преступной группы за незаконное изготовление и сбыт оружия Напечатать страницу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының соты қаруды заңсыз жасау және өткізумен айналысқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты үкім шығарды

АЛМАТЫ, 17 ақпан – Sputnik. Шымкентте заңсыз қару жасап, өткізген қылмыстық топ мүшелері сотталды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайты.

2020 жылдың 6 ақпанында Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының соты қаруды заңсыз жасау және өткізумен айналысқан қылмыстық топқа қатысушыларға қатысты үкім шығарды.

"К.Дрейлинг қылмыстық кодексінің 287-бабы 4-бөлігі ("қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") және 288-бабы 2-бөлігі ("қаруды заңсыз жасау") бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды", - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, Ю.Разин осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Р. Ибрагимов 3 жылға, В. Завзин 4 жылға шартты түрде сотталды.

© Photo : Официальный сайт КНБ КазахстанаШымкентте заңсыз қару жасаған қылмыстық топ мүшелері сотталды
ҰҚК Шымкенттегі қылмыстық топқа қатысты ақпаратты бөлісті - Sputnik Қазақстан
Шымкентте заңсыз қару жасаған қылмыстық топ мүшелері сотталды

Айта кетейік, 2019 жылы шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының арнайы операциясы нәтижесінде көрсетілген қылмыстық топ қолға түсірілді.

Қылмыстық схемаға сәйкес, демилитарландырылған қару Ресейден Қазақстанға әкелініп, жасырын жағдайда жауынгерлік етіп қайта жасалған.

Тағы оқыңыз: Қостанайда сотталған шенеуніктің камерасында болған жағдай видеоға түсіп қалды

Заңсыз айналымнан 8 "Калашников" автоматы, 2 "Макаров" тапаншасы және оқ-дәрілері алынды. Қаруды модификациялауға арналған цех жойылды.

Жаңалықтар
0