Оқиға

Көкшетау түбінде жол апатынан үш адам көз жұмды

CC0 / Free-Photos / Әйнек сынықтары
Әйнек сынықтары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тағы екі адам ауруханаға жатқызылды, жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, сараптама белгіленді

НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Ақмола облысында жол апатынан үш адам қаза болып, екеуі ауруханаға түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жантүршігерлік жол апаты 17 ақпан күндіз Зеренді ауданы Қызылтаң ауылының маңында Көкшетау – Омбы тас жолының 22 шақырымында болған.

"Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Ленинградское ауылының тұрғыны, "Mazda 626" көлігін тізгіндеген 20 жастағы жүргізуші Көкшетауға бара жатқан жолда қарсы бетке шығып кетіп, СҚО Ақжар ауданы Байтұс ауылының 1975 жылғы тұрғыны айдаған "Lada Largus" көлігімен соқтығысты", - деп мәлімдеді Ақмола облысының полиция департаментінен.

Салдарынан екі жүргізуші мен "Lada Largus" көлігінде отырған 41 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі адам – "Mazda 626" жолаушысы мен "Lada Largus" жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Тағы оқыңыз: Алматы облысында мұғалімдер мінген көлік апатқа ұшырады: қаза болғандар бар

Қазір қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-тармағы бойынша (Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан, көлiк басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлiкті пайдалану ережелерін бұзуы) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Автотехникалық сараптама белгіленді.

Жаңалықтар
0