АЛМАТЫ, 17 ақпан – Sputnik. Танымал қазақстандық әнші Динара Сұлтан алтыншы баласын дүниеге әкелді. Бұл жайында ол өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
"Адамнан адам шығу оңай емес... Қош келдің, ұлымыз. Алла ұлық!", - деп жазды Динара Сұлтан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ал жанкүйерлері мен әріптестері әншіні құттықтап, ақ тілектерін жаудырып жатыр. "Алаштың азаматы болсын", - деп жазды ақын Айнұр Тұрсынбаева.
Сондай-ақ, Мөлдір Әуелбекова, Жазира Байырбекова, Маржан Арапбаева және өзге де шоу бизнес өкілдері тілек білдіруде.
Айта кетейік, енді Динара Сұлтанның үш ұл, үш қызы бар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Әнші жыл басында "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісін алған болатын.
Динара Сұлтан 1986 жылы 8 желтоқсанда Атырау қаласында дүниеге келген. Оның музыкаға деген қабілетін бес жасында анасы байқаған. Алғашқы ұстазы да – анасы. Динара мектеп кезінде жақсы оқумен қатар, музыкалық байқауларға қатысып, бірқатар бас жүлде иеленген.
Тоғызыншы сынып бітірген соң музыкалық колледжде оқу үшін Алматыға келген Динара Сұлтан КСРО-ның еңбек сіңірген әртісі Лаки Кесоглу сыныбына түседі. Колледж бітірген соң білімін әрі қарай жалғастыру үшін 2006 жылы Темірбек Жүргенов атындағы қазақ өнер академиясына түседі. Ол жерде де Лаки Кесоглудан сабақ алады.
2006 жылы "SuperStar kz" республикалық конкурсына қатысып, финалға шығады. Кейін China Town тобында ән айтады. 2009 жылы оқу бітірген Динара жеке әнші ретінде таныла бастайды. 2010 жылы "Екі жұлдыз" телешоуына қатысады. Дәл осы жылы "Славян базары – 2010" халықаралық байқауына қатысып, III орын алады.