НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан - Sputnik. Қазақстандық боксшы Абылайхан Құсайынов (10-0, 7 КО) кәсіпқой рингтегі он бірінші кездесуін өткізді.
Ол Мексиканың Тихуана қаласында тәжірибелі жергілікті боксшы Мауро Лоретомен (20-10-2, 8 КО) жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.
Құсайынов бесінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберіп, жеңімпаз атанды.
Тағы оқыңыз: Жеңілмеген қазақстандық боксшы журналистің бетіне су шашып жіберді – видео
Абылайхан Құсайынов үшін бұл кәсіпқой рингтегі он бірінші жекпе-жек. Он кездесуі нокаутпен аяқталды. Ал мексикалық боксшы он бірінші рет жеңіліп отыр.
Еске сала кетсек, өткен жылдың шілде айында Құсайынов үшінші раундта армян боксшысы Гарник Арутюнянді (3-2, 2 КО) жеңген болатын.