НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан — Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхенде жұмыс сапарымен жүрсе де, Қазақстандағы интернет мәселесіне қатысты тапсырма берді.
"Мемлекет басшысы барлық ақпарат ресурстарының жұмысын қалпына келтіруді тапсырды", - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Қазіргі уақытта президент жұмыс сапарымен Германияда жүр.
Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін ақпарат ресурстарының жұмысы біртіндеп қалпына келе бастады.
Тағы оқыңыз: "Жеңіл-желпі қарауға болмайды": Тоқаев маңызды проблеманы қозғады
Еске сала кетсек, 15-16 ақпан күндері қазақстандықтар әлеуметтік желі мен мессенджерлерде интернет пен ұялы байланыстың жұмысына жаппай шағымдана бастаған еді.
Youtube, Google, Telegram және өзге де желілер жұмыс істемеді.