https://sputnik.kz/20200215/zhol-kolik-video-12849116.html
Батыр – Қызылтөбе жолында екі көлік соқтығысып, біреуі жарылды - видео
Батыр – Қызылтөбе жолында екі көлік соқтығысып, біреуі жарылды - видео
Sputnik Қазақстан
Жол апаты салдарынан екі әйел мен ер адам қаза болды, тағы үш адам облыстық ауруханада жатыр, біреуінің хәлі ауыр 15.02.2020, Sputnik Қазақстан
2020-02-15T16:01+0500
2020-02-15T16:01+0500
2022-02-02T09:45+0500
https://sputnik.kz/img/1224/69/12246996_27:0:2897:1623_1920x0_80_0_0_b18a3218e0606e9e719440f93e78faae.jpg
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2020
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1224/69/12246996_171:0:2753:1623_1920x0_80_0_0_10c350a54e3db8d141dd1ba7af65bd38.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Батыр – Қызылтөбе жолында екі көлік соқтығысып, біреуі жарылды - видео
16:01 15.02.2020 (жаңартылды: 09:45 02.02.2022) Жол апаты салдарынан екі әйел мен ер адам қаза болды, тағы үш адам облыстық ауруханада жатыр, біреуінің хәлі ауыр
НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан — Sputnik. Батыр – Қызылтөбе тас жолында екі көлік соқтығысып, салдарынан алты адам зардап шекті, оның үшеуі қаза болды.
Бұл туралы Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, деп жазады өңірлік "Лада" басылымы.
Жол апаты 15 ақпан сағат 09:30 шамасында болды. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, екі көлік соқтығысып, біреуі өртене бастайды, кейін ол жарылған.
Апат сладарынан алты адам зардап шекті. 41 және 34 жастағы екі әйел мен 39 жастағы ер адам көз жұмды.
"1995 жылы туған екі ер адам жабық бас сүйек-ми зақымын алды, миы шайқалған, сынған жерлері бар. Екеуі де Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Тағы бір 1975 жылы туған ер адам іш жарақаты, сол жақ сан мен тоқпан жілік сынығымен жансақтау бөлімінде жатыр", - деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтап жатыр.