Өңірлер

Туыстарының үйіне қонаққа барған: Шымкентте бір отбасы уланып қалды  

© Sputnik / Абзал КалиевАвтомобили на дороге, скорая помощь
Автомобили на дороге, скорая помощь - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ауруханаға клиникалық өлім жағдайында жеткізілген 2019 жылы туған сәби көз жұмды, тағы екеуі жан сақтау бөлімінде жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан – Sputnik. Шымкентте Ордабасы ауданында тұратын отбасы туыстарының үйіне қонаққа барып, уланып қалды.

Белгісіз заттан уланған үш бала (2019, 2017 және 2014 жылдары туған) ауруханаға түсті. Клиникалық өлім жағдайында жеткізілген ең кішкентайы көз жұмды. Екі бала жан сақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Оқи отырыңыз: Ауылда бұзауды шұңқырдан шығармақ болған бірнеше жігіт қаза болды 

Сондай-ақ сол үйде болған 2000 және 2002 жылдары туған жастар да дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, қолхатпен үйлеріне жіберілді.

"Бұл науқастар жайлы мәліметтер тұрғылықты жері бойынша емханаға жолданды", - деді гипербариялық оттектеу орталығының бас дәрігері Мәдина Ермағанбетова.

Отбасы "Север" шағын ауданындағы туыстарына қонаққа барған. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері газ талдауышты пайдаланып, оқиға болған пәтерді тексерді. Улы газ табылмады. Талдау жасауға азық-түлік алынды.

"Улануға бір қабат төменде орналасқан пәтерді қандаладан залалсыздандыру жұмыстары себеп болды деген болжам жасалуда. Алайда әзірге нақты мәлімет жоқ, қорытынды жасауға әлі ерте", - деп жазды басылым.

Жаңалықтар
0