НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан — Sputnik. Қазіргі уақытта әскери альянстың құрамында 29 ел бар. Еуропаның оңтүстік-шығысындағы мемлекет Солтүстік Антлатика шарты ұйымын күшейте ала ма - РИА Новости материалынан оқи аласыз.
The Military Balance 2019 ақпараттық бюллетенінің деректері бойынша Солтүстік Македонияда сегіз мың әскери қызметші бар. Армия 1992 жылы Югославия тарағаннан кейін құрылған. Ол кезде әскер әлсіз еді, бірақ үкімет бірден НАТО-ға қосылу бойынша бағдарды ұстанды. 1999 жылы бұл мемлекет ұйымға мүше болу жоспарына қосылып, қарулы күштерді реформалауды бастады.
The Military Balance 2019 мәліметінше, өткен жылы Солтүстік Македония әскери салаға 108 миллион доллардан астам қаражат жұмсады. Дегенмен, әскери техника базасының жағдайы көңіл көншітпейді. Әуе қорғанысы техникасы мен танкке қарсы алыс қашықтықтағы жүйелер жеткіліксіз. Сарапшылардың айтуынша, Македония қажетті әскери техниканы өзі шығара алмайды, ал шетелден сатып алуға қаржы тапшы.
Америкалықтар Скопьенің НАТО-ға қосылу ынтасын толыққанды қолдайды, яғни, бұл мәселе тек уақыт еншісінде. АҚШ-тың Солтүстік Атлантика одағындағы тұрақты өкілі Кэй Бейли Хатчисон Солтүстік Македония әскери альянсқа жазға қарай қосылатынын мәлімдеді.
Тағы оқыңыз: АҚШ мемлекеттік хатшысы Назарбаевқа Трамптың сәлемін жеткізді
Қараша айында ресейлік сыртқы істер министрлігінің төртінші Еуропа департаментінің директоры Юрий Пилипсон бұл шешімге қарсы екенін айтты. Ол НАТО-ны кеңейту Еуропадағы тұрақтылық пен сенімді әлсіретіп, текетіресті күшейтіп жатыр деген пікір білдірді. Дипломаттың сөзінше, Ресейге қарсы саясатқа жаңа мемлекеттерді тарту және одақтың әскери жоспары контингенттің қауіпсіздігіне оң ықпал етпейді.
Әскери сарапшылар америкалықтарға македониялық сарбаздар мен танкілер емес, шығыс бағытта әрекет ету үшін осы елдің аумағы керек деп есептейді.