Өңірлер

Сот Павлодар тұрғынына ағасымен араласуға тыйым салды

© Photo : pixabayПодавленный человек
Подавленный человек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
45 жастағы павлодарлық отбасында мас күйінде жанжал шығарып, балағаттап, ағасымен төбелесуге дейін барған

НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Павлодар тұрғыны отбасында мас күйінде жанжал шығарғаны үшін 10 күнге қамалды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабының 2-бөлімі бойынша 45 жастағы павлодарлық әкімшілік қамауға алынды. Ол таңертеңгі уақытта отбасында мас күйінде жанжал шығарып, балағаттап, ағасымен төбелесуге дейін барған, деп хабарлады Polisia.kz.

Сондай-ақ сот бұл адамға 3 ай мерзімге ағасымен араласуға тыйым салды. Кез келген қаруды сақтауға және алып жүруге, алкоголь ішуге де шектеу қойылды. Егер бұл шарт бұзылса, оған 5 АЕК айыппұл салынып, тағы да 5 тәулікке қамалуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Алматыда белгілі әртістің әйелі күйеуінен көрген қорлығын жайып салды

Айта кетейік, Павлодар облысында 328 тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі анықталды. Отбасылық және тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында өңірде 20 қаңтар мен 20 ақпан аралығында "Тұрмыс" алдын алу шарасы өткізілуде.

Полиция қызметкерлері 860 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты. 

Жаңалықтар
0