Елорда тынысы

Елорда әкімі биыл қанша қолжетімді баспана салынатынын айтты

© Sputnik / Владислав ВодневНовостройка, архивное фото
Новостройка, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі кезде қолжетімді тұрғын үй кезегінде тұрғандар саны - 48 мың адам, дейді Алтай Көлгінов

НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан – Sputnik. Халық алдында есеп берген елорада әкімі Алтай Көлгінов баспананы тарату жоспары туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Азаматтарды қабылдау кезінде ең көп көтерілетін мәселе – қолжетімді баспана. Қазіргі кезде қолжетімді тұрғын үй кезегінде тұрғандар саны - 48 мың адам. Олардың ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы аналар, аз қамтылған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырғандар және жалғызбасты аналар бар. Бұдан бөлек, мұғалімдер, полицейлер сияқты бюджеттік сала қызметкерлері кезекте тұр", - дейді Көлгінов.

Тағы оқыңыз: Алтай Көлгінов елорданы қар басқанда жылы жаққа неге ұшып кеткенін түсіндірді

Әкімнің айтуынша, өткен жылдың соңында 2 900 қолжетімді баспана таратылды. Соның ішінде 1 050 пәтер жұмыс істеп жүрген жастарға берілді. Бұл – президент тапсырмасы.

"Енді, биыл біз үш есе көбейтеміз. Қазір он мың пәтердің құрылысын бастаймыз. Соның сегіз мыңын жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұның барлығы – қолжетімді тұрғын үй. Осы мұқтаж адамдарға арналған", - деп атап көрсетті астана басшысы.

Жаңалықтар
0