Саясат

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары тағайындалды

© Photo : Служба центральных коммуникацийЕралы Тугжанов
Ералы Тугжанов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл қызметті бұған дейін атқарған Бердібек Сапарбаев Қордайдағы тәртіпсіздіктерден кейін Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Ералы Тоғжанов Қазақстан премьер-министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың сайты.

"Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалсын", - деп жазылған мемлекет басшысының жарлығында.

Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары болған Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалған болатын, өңірдің бұрынғы басшысы Асқар Мырзахметов Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктерден кейін отставкаға кетті. 

Оқи отырыңыз: Сапарбаев жаңа қызметіне қатысты ойын айтты 

Ералы Тоғжанов туралы не білеміз?

1963 жылы 13 мамырда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша, Қазақстан Ғылым академиясының мемлекет және құқық институтын "Заңгер" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары университетте құқық пен тарихтан сабақ берген. Халықаралық құқық факультетінің деканы, Қазақ гуманитарлық заң университеті Құқық және мемлекеттік қызмет институтының директоры болды.

2001-2006 жылдары Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Осыдан кейін Қазақстан әділет министрлігі дін істер комитетін екі жыл басқарды.

2008 жылдың қаңтарында Қазақстан президенті өкімімен Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды.

2017 жылдан 2019 жылға дейін Маңғыстау облысының әкімі болды.

2019 жылдың қыркүйек айынан бүгінге дейін – Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының төрағасы.

Жаңалықтар
0