Өңірлер

Министр Жамбыл облысы полициясының жаңа басшысын таныстырды

Жазылу
Отставкаға жіберілген өңірдің құқық қорғау департаментінің бұрынғы жетекшісі кадрлық резервке ауыстырылды

НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан — Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Жамбыл облысы полиция департаментінің жаңа жетекшісін таныстырды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Департамент басшысы қызметіне полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов тағайындалды. Бұған дейін ол құқық қорғау ведомствосы басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Жамбыл облысының бұрынғы бас полицейі Арман Оразалиев он адамның өмірін қиған өңірдегі қақтығыстан кейін президент тапсырмасы бойынша қызметінен босатылған болатын. Ол кадрлық резервке ауыстырылды делінген портал таратқан ақпаратта.

Жаңа басшы туралы не білеміз

Жанат Сүлейменов 1962 жылы Қарағанды облысы Нұра ауданы Кеңжарық ауылында дүниеге келген.

1984 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін тәмамдады. Ал 2001 жылы ішкі істер министрлігі академиясында магистрлік диссертация қорғады.

© Photo : Пресс-служба министерства внутренних дел Республики КазахстанДепартамент басшысы қызметіне полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов тағайындалды
Министр Жамбыл облысы полициясының жаңа басшысын таныстырды - Sputnik Қазақстан
Департамент басшысы қызметіне полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов тағайындалды

Еңбек жолын Көкшетау облысындағы ішкі істер басқармасында бастаған.

Есірткімен күрес, криминалды полиция департаменттері басшысының орынбасары болған.  Қызылорда облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменттерінің басшысы, 2017 -2019 жылдар аралығында ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Жаңалықтар
0