Саясат

Сапарбаев жаңа қызметіне қатысты ойын айтты

© Sputnik / Владислав ВодневБердибек Сапарбаев во время заседания правительства
Бердибек Сапарбаев во время заседания правительства - Sputnik Қазақстан
Жазылу
10 ақпанда үкімет басшысының бұрынғы орынбасары Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жаңа қызметіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Оны шешетін мемлекет басшысы. Президент осындай шешім қабылдағаннан кейін, мен оны орындауға міндеттімін. Кезінде министр болсам, қазір әкім болып, Жамбыл облысындағы оқиғалардың салдарын тезірек жою үшін жұмыс істейміз", - деді ол үкімет кулуарында.

Мемлекет басшысының жарлығымен берілген өтінішіне орай Асқар Мырзахметов Жамбыл облысы әкімі қызметінен босатылды. Ол облысты екі жыл басқарды. Мырзахметовтың орнына премьер-министр орынбасары болған Бердібек Сапарбаев тағайындалды.

Бердібек Сапарбаев туралы не білеміз

Бердiбек Мәшбекұлы Сапарбаев 1953 жылы 9 ақпанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Бесарық ауылында туған. 1977 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Түрлі жылдары министрлер кабинеті аппаратының жетекшісі, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімі, кедендік бақылау агенттігі төрағасы, қаржы министрінің орынбасары қызметін атқарған.

Тағы оқыңыз: Сапарбаев Қордай ауданындағы қазіргі жағдай жайлы айтты

2009 жылдың 4 наурызынан бастап 2014 жылдың 11 қарашасына дейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі болды. 2014 жылдың қараша айынан 2015 жылдың 11 қыркүйегіне дейін премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарды.

Ақтөбе облысын басқарды. 2019 жылдың 25 ақпанынан 20 тамызына дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды. Ал 20 тамыздан 10 ақпанға дейін – үкімет басшысының орынбасары. Үйленген, үш бала тәрбиелеп өсірді.

Жаңалықтар
0