Өңірлер

Қордайдағы қақтығыс: Қырғызстанға қашқан 8 мың адам қайтып оралды

© Sputnik / Тимур БатыршинЖители поселка Каракемер
Жители поселка Каракемер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жамбыл облысының әкімі өртенген үйлер мен дүкендерді қалпына келтіру үшін жергілікті құрылыс компаниясы тартылатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктен кейін көрші қырғыз еліне өтіп кеткен сегіз мың адам Қазақстанға оралды. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Соңғы үш күнде көптеген азамат көрші Қырғызстанға өтіп кетті. Осы екі күннің ішінде сегіз мыңға жуық азамат қайтарылды. Кешеден бастап барлық мектеп, балабақша бұрынғыдай жұмыс істеп жатыр. Сауда дүкендері де жұмысын бастады",- деді Сапарбаев үкімет отырысында.

Айтуынша, қазір комиссия өртенген үйлерді, сауда нысандарын жергілікті халықтың көмегімен қосымша тексеріп жатыр. Бүгін-ертең олардың нақты саны, келген шығын анықталады.

"Біз осы үш күнде барлық бес елдімекенде халықпен кездестік. Оларға қандай қолдау болатынын түсіндірдік. Жалпы халық бәрін дұрыс түсініп отыр", - деді әкім.

Тағы оқыңыз: Қызметінен босатылған полицей жамбылдықтарға үндеу жасады

Ол өртенген үйлер мен дүкендерді қалпына келтіру үшін жергілікті құрылыс компаниясы тартылатынын жеткізді.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қордайдағы оқиға салдарын қою жөніндегі үкіметтік комиссияны басқара береді.

Жаңалықтар
0