Қоғам

Жамбыл облысында бірнеше шенеунік пен полицей қызметінен босатылады

© Sputnik / Абзал КалиевАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жамбыл облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары мен Қордай ауданының әкімі қызметінен босатылады

АЛМАТЫ, 10 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының Қордай ауданындағы қақтығысқа байланысты бірқатар лауазымды тұлғаны қызметінен босату туралы тапсырма берді, деп хабарлады Ақорда.

"ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовке Жамбыл облысы, Қордай ауданында кісі өліміне, тұрғын үйлердің қирап, азаматтардың дүние-мүліктерінің бүлінуіне әкеп соқтырған оқиғаға байланысты облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Сұлушаш Құрманбекованы және Қордай ауданының әкімі Болатбек Байтөлені жұмыстарына салғырт қарағаны үшін қызметінен босатуды тапсырды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар мемлекет басшысы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиевті және Қордай аудандық полиция бөлімінің бастығы Азамат Айқымбековті қызметінен алуды тапсырды.

Қордайдағы қақтығыс

7 ақпанда Қордай ауданының Масанчи ауылында жаппай төбелес болып, оның соңы тәртіпсіздікке ұласқан. Салдарынан 8 адам қаза болды. Кейін ауруханада тағы екі адам көз жұмды. Жүздеген адам жарақат алды. Қырғызстан жаққа өтіп, емделіп жатқандар да бар. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бес полицей жарақат алып, үшеуіне оқ тиді.

8 ақпанда Қордай ауданында төтенше жағдай режимі енгізілді.

Сотқа дейінгі тергеу шаралары қылмыстық кодекстің 272-бабы (жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және қатысу) мен 99-бабы (адам өлтіру) бойынша жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0