Қоғам

Қордайдағы қақтығыс: 9 адам ауруханада ауыр халде жатыр

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуПациент
Пациент - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі Қордайдағы қақтығыста зардап шеккендердің нақты санын атады

АЛМАТЫ, 10 ақпан – Sputnik. Қордай ауданындағы қақтығыста зардап шеккен 9 адам жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрліктің хабарлауынша, Қордай ауданындағы қақтығысқа байланысты 100-ден аса медицина қызметкері және 36 жедел жәрдем көлігі жұмылдырылды. Оның ішінде екі жедел жәрдем тікұшағы бар.

"Жаппай тәртіпсіздік салдарынан 178 адам зардап шекті. Қаза болғандар саны – 10. Оқиға орнында сегіз адам көз жұмды, екі адам ауруханада қайтыс болды", - делінген министрлік хабарламасында.

Оныншы ақпандағы мәлімет бойынша, 41 адам ауруханада жатыр. Оның тоғызы жансақтау бөлімінде, 32 адам арнайы бөлімде. Алматыда 25 адам, Жамбыл облысында 14 адам, Қырғызстанда екі адам ауруханада ем қабылдауда. 17 адамға ота жасалған.

"Медициналық көмекке 170 адам жүгінді, оның 117-сіне амбулаторлық-емханалық көмек көрсетілді. 102 адам Қазақстанда болса, 15-і Қырғызстанда. 53 адам стационарлық көмекке жүгінді, оның 43-і Қазақстанда, ал 10-ы Қырғызстанда көмек алды", - деді денсаулық сақтау министрлігі.

Тағы оқыңыз: Сапарбаев Қордайдағы қақтығысқа қатысты тың деректі бөлісті

Бүгін Қырғызстандағы екі науқасты Қордайдағы емханаға жеткізу үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта барлық науқас мамандардың бақылауында және олар қажетті ем-дом алып жатыр, дейді министрліктегілер.

Жаңалықтар
0