Оқиға

Қордайдағы оқиғадан кейін төтенше жағдай жарияланды

© Sputnik / Тимур БатыршинРазгромленные дома в селе Масанчи
Разгромленные дома в селе Масанчи - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Масанчи ауылында болған жағдайдан кейін өңір басшысы Асқар Мырзахметов ауданда төтенше жағдай режимін жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан – Sputnik. Қордай ауданында төтенше жағдай жарияланды.

"Қазақстандағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңына және "Азаматтық қорғаныс туралы" заңға сәйкес, Жамбыл облысының әкімі:

  1. 2020 жылдың 8 ақпаны сағат 21:00-ден бастап Жамбыл облысы Қордай ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланады;
  2. Төтенше жағдайды жою жетекшісі болып облыс әкімінің орынбасары Б.Орынбеков тағайындалады. Тиісті шара қолдану тапсырылсын.

Қордайдағы оқиға

7 ақпанда кешкі сағат 19:00-де Жамбыл облыстық полиция департаментіне "Қордай ауданының Масанчи ауылының жанында 70-тен астам адам төбелесіп жатыр" деген ақпарат түскен. Заңсыз әрекеттерді тоқтату үшін дереу полиция қызметкерлері жіберіледі. Сол жерде болған адамдар төбелесті видеоға түсіріп, әлеуеметтік желі арқылы таратқан.

Соның салдарынан жақын жердегі Ауқатты және Бұлан батыр ауылдарынан келген 300-ден астам азамат төбелеске қосылады. Екі жақ бір-біріне тас лақтырып, таяқпен ұрған. Тіпті, қару да қолданған. Салдарынан 8 адам қаза болғаны хабарланған болатын. Соңғы мәліметке сәйкес, олардың саны 10-ға жеткені хабарланды.

Жаппай төбелестің арты тәртіпсіздіктерге ұласқан. Қазіргі мәліметке сәйкес, 30-дан астам жеке үй, 15 сауда үйі мен 23 көлік зақымданды.

Ішкі істер министрлігі 47 адам ұсталғанын хабарлады. Сотқа дейінгі тергеу шаралары қылмыстық кодекстің 272-бабы (жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және қатысу) мен 99-бабы (адам өлтіру) бойынша жүргізіліп жатыр.

Тоқаевтың мәлімдемесі

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қордайдағы жағдайға байланысты тікелей эфирге шығып, мәлімдеме жасады. Ол төбелестің себебін анықтайтын үкімет комиссиясын құруды тапсырды.

Мемлекет басшысы қаза болғандарды жерлеу, зардап шеккендерге көмектесу жұмыстарын ұйымдастыру керек екенін айтты.

Тағы оқыңыз: Қордай ақсақалдары Бердібек Сапарбаевқа не болғанын айтып берді

Сондай-ақ, комиссия жағдайды тұрақтандырумен айналысады. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар анықталып, қатаң жауапқа тартылатын болады.

"Бас прокуратураға, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне тиісті тапсырма бердім. Мемлекетіміздің мүддесіне зиян келтіретін, береке-бірлігімізді бұзатын және жалған ақпарат таратқан азаматтар заң алдында жауап береді", - деп түйіндеді Тоқаев.

Жаңалықтар
0