АЛМАТЫ, 9 ақпан — Sputnik. Қостанайда екі көрме қатар өтіп жатыр. Бірі "Пушкин. Портреттер", екіншісі "Блокадалық альбом" деп аталады. Экспозициялар Қазақстандағы Ресей ғылым және мәдениет орталығы өкілдігінің қолдауымен ашылды.
Пушкинді еске алу күніне арналған көрме
Ведомство мәліметінше, Александр Пушкин портреттерінің көрмесі жұма күні Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханада (Алтынсарин көшесі, 111) ашылды. Оны Пушкин атындағы Мәскеу мемлекеттік музей мен Қазақстандағы Ресей ғылым және мәдениет орталығы өкілдігі бірлесіп әзірледі.
Ақпаратқа сай, көрме хронологиясы шамамен 220 жылдық кезеңді қамтиды. Александр Пушкиннің бала кезіндегі портретінен бастап соңғы жылдары салынған туындыларға дейін назарға ұсынылған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Блокадалық альбом
Сенбі күні Қостанай облыстық орыс драма театрында Санкт-Петербургтен келген Сергей Ларенковтың "Блокадалық альбом" бірегей фотожобасы таныстырылды.
Ол өз көрмесі мен фильмін жеңіске жетпей, қаза болған азаматтарға арнады.
Көрмеге 20 фотоколлаж кірді. Оларда замануи Санкт-Петербург суреттері блокадалық Ленинград фотоларымен біріктірілген. Экспозицияны Қазақстандағы Ресей ғылым және мәдениет орталығы өкілдігі әзірледі.