Оқиға

Қордайдағы төбелес: үкімет комиссиясының құрамына кім кірді?

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание правительства РК в Астане
Здание правительства РК в Астане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының Қордай ауданындағы төбелестің себебін анықтайтын үкімет комиссиясын құруды тапсырған еді

НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. Премьер-министр Асқар Маминнің өкімімен Жамбыл облысының Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі үкімет комиссиясы құрылды, деп хабарлайды үкімет басшысының ресми сайты. 

Комиссия төрағасы - премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев. Комиссия құрамына Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев, парламент мәжілісінің депутаты Шәкір Хахазов және "Дүнген қазақстандық қоғамы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абубакир Воинце кірді.

Бұдан бөлек, комиссия құрамында қаржы, индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрлері, ақпарат және қоғамдық даму, ұлттық экономика, денсаулық сақтау, білім және ғылым вице-министрлері, ішкі істер, қорғаныс министрлерінің орынбасарлары, Бас прокурор мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарлары бар.

Комиссия алдына кикілжің себептерін анықтау, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық сипаттағы мәселелерді шұғыл шешуді қамтамасыз ету, келтірілген залал көлемін бағалау міндеттері қойылды.

Қордайдағы оқиға

7 ақпанда кешкі сағат 19:00-де Жамбыл облыстық полиция департаментіне "Қордай ауданының Масанчи ауылының жанында 70-тен астам адам төбелесіп жатыр" деген ақпарат түскен. Заңсыз әрекеттерді тоқтату үшін дереу полиция қызметкерлері жіберіледі. Сол жерде болған адамдар төбелесті видеоға түсіріп, әлеуеметтік желі арқылы таратқан. Соның салдарынан жақын жердегі Ауқатты және Бұлан батыр ауылдарынан келген 300-ден астам азамат төбелеске қосылады. Екі жақ бір-біріне тас лақтырып, таяқпен ұрған. Тіпті, қару да қолданған. Салдарынан 8 адам қаза болды. 40-тан астамы жарақат алды. Олардың ішінде оқ тиген екі полицей бар.

Жаппай төбелестің арты тәртіпсіздіктерге ұласқан. Қазіргі мәліметке сәйкес, 30-дан астам жеке үй, 15 сауда үйі мен 23 көлік зақымданды.

Ішкі істер министрлігі 47 адам ұсталғанын хабарлады. Сотқа дейінгі тергеу шаралары қылмыстық кодекстің 272-бабы (жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және қатысу) мен 99-бабы (адам өлтіру) бойынша жүргізіліп жатыр. 

Жаңалықтар
0