Өңірлер

Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты

© Photo : ДЧС г. Нур-СултанаСнежный занос
Снежный занос - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Атмосфералық фронттар батыстан шығысқа қарай ығысады. Синоптиктер 8-10 ақпан күні қандай ауа райы болатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан – Sputnik. Алдағы үш күнде ел аумағында қар жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.

"Черномор циклоны әсерінен боран соғып, қатты жел болады. Атмосфералық фронттар батыстан шығысқа қарай ығысады. Қатты оңтүстік-батыс желі соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік өңірлерде жаңбыр қарға ұласады", – деді Қазгидрометтің инженер-синоптигі Жанар Серлібаева.

Арктикалық суық массалардың әсерінен батыс және солтүстікте күн суытады. Өзге өңірлерде ауа температурасы күндіз 0…плюс 8°С, оңтүстікте 10…15°С, плюс 20 градус шамасында сақталады.

Ірі қалалардағы ауа райы

8 ақпан күні астанада күн бұлтты, жаңбыр, қар жауады. Көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20, кей кезде 23 м/с-ке дейін жетуі мүмкін. Түнде ауа температурасы -1 градус, күндіз плюс 1-3 градус шамасында.

Жексенбі күні елордада қар жауып, боран соғады. Оңтүстік-батыс желі солтүстік-батыс желіне ауысады. Ауа температурасы – 0-2 градус салқын.

10 ақпан күні күн құбылмалы, түнде және таңертең қар, боран болады. Желдің екпіні – 9-14 м/с. Түнде 10-12, күндіз 8-10 градус суық болады.

Ақпанның сегізі күні Алматыда сынап бағанасы түнде 0-2 жылы, күндіз плюс 10-12 градус.

Жексенбі күні жауын-шашын болмайды. Желдің екпіні – 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 12-14 градус жылы.

10 ақпан күні күндіз жаңбыр жауады. Түнде плюс 3-5, күндіз 10-12 градус нөлден жоғары.

Шымкент қаласында 8 ақпан күні желдің екпіні 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде плюс 3-5, күндіз 18-20 градус жылы.

9 ақпан күні таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Түнде плюс 5-7 градус, күндіз 10-12 градус жылы.

10 ақпанда күн бұлтты, жаңбырлы болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығыс желіне ауысады. Түнде 3-5 градус жылы, күндіз плюс 7-9 градус.

Жаңалықтар
0