Әлем

Әкесі бір жыл бойы туған қызын зорлап келген: оқиғаның мән-жайы

© Sputnik / Табылды КадырбековДевушка закрывает лицо руками, архивное фото
Девушка закрывает лицо руками, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өткен жылдың желтоқсан айында қыз сабаққа бармай қалған. Кейін тәртіп сақшылары қызды зорлады деген күдікпен әкесін ұстады

НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан — Sputnik. Қырғызстанның Ош облысында 44 жастағы ер адам он бестегі туған қызын зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Іс Араван аудандық сотында қаралған. Бұл оқиға милицияда 2019 жылдың 11 желтоқсанында тіркелді. Аудандық милиция қызметкерлері прокуратурамен бірлесе тергеу жүргізген. Қызын зорлады деген күдікпен 44 жастағы ер адам ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады.

Белгілі болғандай қыздың анасы төрт жыл бұрын көз жұмған. Бұдан соң әкесі бір жыл бойы қызын зорлады. Қылмыс туралы тек желтоқсан айында белгілі болды. Сол кезде қыз сабаққа бармай қойған.

Тағы оқыңыз: Шу ауданында педофил 3 жасар қызды зорлады: азғынды баланың әкесі қолға түсірді

Анасы болмағандықтан, қыз әкесі, әкесінің аға-інілері, әпке-қарындасы және өзінің әжесімен бірге тұрған.

Жаңалықтар
0