Қоғам

"Менде барлық дәлел бар": Асхат Садырбай екінші әйелімен ажырасқанын растады

© Sputnik / Абзал КалиевАсхат Садырбай
Асхат Садырбай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Асхат Садырбай әйелімен ажырасқаны жайлы ақпаратты растап, отбасы туралы сұрақтарға жауап берді

АЛМАТЫ, 7 ақпан – Sputnik. Соңғы кездері журналист, тележүргізуші Асхат Садырбайдың ажырасқаны жайлы ақпарат әлеуметтік желіде кеңінен тарады. Бұдан бұрын әнші Ерке Есмаханмен некеде болған журналист 2015 жылы Айғаным Қорабаевамен шаңырақ көтерген болатын. Алайда отбасында мәселе туындап, көпшіліктің талқысына түсті.

Журналист Instagram желісі арқылы әйелімен ажырасқаны жайлы ақпаратты растап, отбасы туралы сұрақтарға жауап берді.

"Асхат, мақсатың ананы баласынан айыру ма?"

Әлеуметтік желіде Асхаттың енесі күйеу баласына қатысты жазба жариялаған. Оның айтуынша, Асхаттың әйелі Айғанымның 3 жасар ұлын көрмегеніне 15 күн болыпты.

"Отбасы шағын мемлекет дейді. Сол жанұяны басқара алмасаң, бетперде киюдің қажеті жоқ. Жоспар құрып, үйге камера қойып, ұялы телефонға түсіріп, әйеліңді мазақ етіп, жылатудағы мақсатың не? Мақсатыңды түсінбедік. Ананы баласынан айыру ма? Ана мен кішкентай 3 жасар баланы жылатып жүргеніңе 15 күн болды", - деп жазды Асхаттың енесі Insatgram парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Уалиева Рая (@raya_2265)

Айғанымның анасы екі жастың өмірі талқыға түскенін қаламайтынын айтып, Асхаттан баланы анасына қайтаруын талап етті.

"Ажырасуға өзің арыз бердің бе? Енді баласын анасына бер. Мені көпшілік ана ретінде дұрыс түсінсеңіздер. Ертеңгі күні анасы баласыз іш құса болып өлмей ме?", - деп жазды ол.

"Ақталу немесе сылтау емес"

"Заң бойынша біреудің жеке басына қол сұғуға, жеке өмірін талқылауға ешкімнің де құқығы жоқ. Көпшілік тарапынан қойылып жатқан сұрақтарға осы пост арқылы қысқа жауап берейін. Ақталу немесе сылтау емес. Заңды некеміздің шытынағаны рас", - деп жазды Асхат Садырбай.

Журналист екі адамнан құрылған одақтың ниеті мен ойы бір болмаса, тірлік өнбейтінін айтты.

"Өмірде бәрі біз ойлағандай бола бермейді. Әрекет адамнан, берекет Алладан. Ниетім де, ойым да түзу еді. Бірақ, екі адамнан құралатын одақта ниет те, ой да бір болмаса іс оңбайды, тірлік өнбейді екен", - деді ол.

Ел алдында еңбек етіп жүрген азамат ешкімнен ештеңе жасырмайтынын, ұлының және өзінің суретін рұқсатсыз жариялаған басылымдарды сотқа беретінін де жеткізді.

"Кез келген отбасыда келіспеушіліктер, өкпе-реніш болады. Оның барлығы екеуара шешіледі, болмаған жағдайда заң аясында, азаматтық тәртіпте қаралады. Кейбір ақпарат құралдары мәселенің мән-жайын, істің ақ-қарасын ажыратып алмай жатып дәйексіз әңгімені елге жариялап жіберген екен, жалған ақпарат берген адамдарды да, менің және баламның суретін рұқсатсыз жариялаған ақпарат құралдарын да сотқа беруге мәжбүрмін", - деді журналист.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Askhat SADYRBAY (@askhatsadyrbay)

Оның сөзінше, әйелімен әлі ажыраспаған. Сотқа арыз беріп, шешімін күтіп жүр. Қолында ұлының құқығына қарсы әрекет жасалғанын, жүйке жүйесіне зиян тигізген сәттерден дәлеледер бар екенін жазды. Бұл істе салғырттық танытпайтынын және баласын анасынан не баласын әкесінен айыруды көздемейтінін айтты.

"Біз жұбайымызбен жәй ғана екіге айырылып кете алмадық. Себебі, баламның құқығына қарсы іс-әрекеттер орын алды, денсаулығына, жүйке жүйесіне зиян тигізген бірнеше сәттер болды. Сол себепті мен оның барлығын дәлелдеп, ақты аққа, қараны қараға шығармақ ниеттемін. Менде барлық дәлелдер бар, жеткілікті. Бар ойым баламның болашағына балта шабудан сақтау. Әкесі ретінде оның тәрбиесі мен денсаулығына, болашағына жауапты екенімді ұмытпағайсыздар. Бұл ретте мен немқұрайлық немесе салғырттық таныта алмаймын. Баланың құқығы, баланың денсаулығы, жақсы өмірі үшін шырылдап жатқаным – баламды қорлау емес қорғау деп білерсіздер. Қандай жағдай болмасын баланың кінәсі жоқ. Алайда баланы қару немесе қолшоқпар ретінде қолдану дұрыс емес", - деді отбасы жайлы қауеттерге нүкте қойғысы келген Асхат Садырбай.

Асхат Садырбай мен Ерке Есмахан бұрын некеде болған. Мүсілім есімді ұлы бар.

2015 жылы Айғаным Қорабаевамен шаңырақ көтерді. Бір ұл тәрбиелеп отыр.

Тағы оқыңыз: Жұрт олардан жалықты - Асхат Садырбай әншілер туралы 

Жаңалықтар
0