Әлем

Ұшақ әуежайға қонған кезде үшке бөлінді – видео

© Photo : Pixabay / The PixelmanСамолеты
Самолеты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әуе кемесінің бортында 177 жолаушы, соның ішінде екі бала мен алты экипаж мүшесі болған. Төтенше жағдайға қатысты тергеу басталды

НҰР-СҰЛТАН, 6 ақпан — Sputnik. Түркияның Стамбул қаласындағы Сабихи Гөкчен атындағы әуежайға қонған Pegasus Airlines әуе компаниясының Boeing-737-800 ұшағы үшке бөлінді.

Төтенше жағдай салдарынан үш адам қаза болып, 179 адам зардап шекті, деп хабарлады Anadolu.

​Желіде оқиға орнында түсірілген видео пайда болды. Роликті Airport Haber порталы жариялаған.

Pegasus әуе компаниясының ұшағы Измир – Стамбул бағытымен ұшқан. Қонған кезде ұшу-қону жолағынан асып кетті.

Апатқа байланысты тергеу басталғаны хабарланып отыр.

Жаңалықтар
0