Оқиға

Ұнның арасына жасырған: әкімдік басшыларының ұсталған сәті видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуСотталушыларға арналған темір торда отырған адамдардың суреті
Сотталушыларға арналған темір торда отырған адамдардың суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Лауазымды тұлғалар ЖШС өкілінен 35 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді, қазір олар уақытша ұстау абақтысында қамауда отыр

НҰР-СҰЛТАН, 6 ақпан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің бірқатар басшысы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп айыпталып отыр.

Жемқорлыққа қарсы агенттіктің мәліметінше, ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары мен ШҚО әкімі аппараты заң бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Олар "Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" аясында жәрдемдесу мен жалпы қамқорлық үшін ЖШС өкілінен 35 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді.

Лауазымды тұлғалар мен ЖШС өкілі ұсталды. Қазір олар Өскеменнің уақытша ұстау абақтысында. Бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешіліп жатыр.

Тағы оқыңыз: Түркістан облысында әкім кабинетінде масқара болды

Күдіктілер кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Жаңалықтар
0