Оқиға

Түркиядағы ұшақ апаты: жарақат алғандардың арасында қазақстандықтар бар

© REUTERS / MURAD SEZERИзмир - Стамбул бағытымен ұшқан Pegasus әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады
Измир - Стамбул бағытымен ұшқан Pegasus әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұшақ бортында 177 жолаушы, соның ішінде екі бала мен алты экипаж мүшесі болған, әуе кемесі Измир – Стамбул бағытымен ұшқан

НҰР-СҰЛТАН, 6 ақпан – Sputnik. Түркияның Стамбул қаласындағы әуе апатынан Қазақстанның екі азаматы жарақат алған. Қазір олар ауруханада жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"5 ақпанда жергілікті уақытпен шамамен 18.00-де ұшақтың Стамбул әуежайына қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кетуі салдарынан Қазақстанның екі азаматы жарақат алған. Олар Фатих Сұлтан Мехмет ауруханасына жеткізілген", деп мәлімдеді Қазақстанның Стамбулдағы Бас консулдығынан.

Бас консулдық жағдайды өз бақылауына алды. Қазақстан азаматтарына тиісті көмек көрсету бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр.

Түркиядағы әуе апаты

5 ақпанда Стамбул қаласындағы Сабихи Гөкчен атындағы әуежайға қонған Pegasus Airlines әуе компаниясының Boeing-737-800 ұшағы үшке бөлінді. Лайнер әуежайға қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кеткен.

Төтенше жағдай салдарынан үш адам қаза болып, 179 адам зардап шекті.

Әуе кемесі Измир – Стамбул бағытымен ұшқан.

Жаңалықтар
0