НҰР-СҰЛТАН, 6 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан президенті Ван провинциясындағы қар көшкіні салдарынан көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алды.
"Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтар мен жеке өз атымнан сізге, сондай-ақ бауырлас түрік халқына қайғыра көңіл айтамын. Алла тағаладан табиғи апат кезінде қаза тапқандардың жандары жәннатта болуын, жарақат аланғандардың тез арада сауығып кетуін тілеймін", – делінген жеделхатта.
Атап өтсек, бүгін Түркияда екі рет қар көшкіні жүрді. Оның салдарынан 30-дан астам адам қаза болып, 15-тен астам адам жарақаттанды. Дегенмен құрбандар және зардап шеккендер саны артуы мүмкін. Себебі іздестіру жұмыстары әлі жүріп жатыр.
В результате схода второй за сутки снежной лавины в провинции #Ван на востоке Турции погибли 33 человека pic.twitter.com/X51mceCjpZ
— ANADOLU AGENCY (RU) (@aa_russian) February 5, 2020