Әлем

Өз-өзіне қол салмақ болған үш дүркін әлем чемпионы ауруханада жатыр

© Photo : CC0 / Manfred Richter Спортивная гимнастика
Спортивная гимнастика - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Спортшы қыз нақты не болғанын айтпады. Алайда, полицияның мәліметінше, денесіндегі жарақаттар оның өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын көрсетеді

НҰР-СҰЛТАН, 6 ақпан — Sputnik. Ресейлік гимнасшы Александра Солдатова суицид жасамақшы болған. Қазір ол ауруханада жатыр.  

Бұл туралы "Мәскеу" қалалық жаңалықтар агенттігіне полиция қызметкері хабарлаған.

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуАлександра Солдатова
Өз-өзіне қол салмақ болған үш дүркін әлем чемпионы ауруханада жатыр - Sputnik Қазақстан
Александра Солдатова

Дереккөзге сүйенсек, 5 ақпан күні 21 жастағы Александра Солдатова дене жарақаттарымен мәскеулік ауруханалардың біріне түскен. 

"Сондай-ақ, қызға булимия диагнозы қойылды. Қазіргі уақытта науқас қалай жарақат алғанын айта алмайды", - деді ол.

Тергеушілер тексеріс жүргізіп жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Alexsandra Soldatova. (@soldy21)

Mash Telegram-каналының хабарлауынша, спортшы қыз өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мойындап отыр.

"Бұл ақымақтық болды. Қорқып кетіп, бірден ауруханаға бардым", - деді Александра.

Александра Солдатова - көркем гимнастикадан Ресей құрамасының мүшесі, командалық есепте үш дүркін әлем чемпионы және лентамен жаттығудан әлем чемпионы.

2019 жылдың мамыр айында ол Испанияның Гвадалахара қаласында өткен көркем гимнастикадан әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды.

Айта кетсек, спортшы Димаш Құдайбергеннің "Шаршаған аққулардың махаббаты" әнінің сүйемелдеуімен өнер көрсеткен болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Жаңалықтар
0