Саясат

Динара Щеглова мен Жанат Жахметова вице-министр қызметіне тағайындалды

© Sputnik / Болат ШайхиновЗдание Дома министерств в Астане
Здание Дома министерств в Астане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үкіметтің қаулысымен 38 жастағы Динара Щеглова мен 34 жастағы Жанат Жахметова министрдің орынбасары болды  

АЛМАТЫ, 6 ақпан – Sputnik. Қазақстан үкіметінің 2020 жылғы 5 ақпандағы қаулысымен Динара Щеглова Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі, Жанат Жахметова энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл жайында премьер-министрдің сайты хабарлады.

Динара Щеглованың еңбек жолы

Динара Ринатқызы Щеглова 1982 жылы Семей қаласында туған. 2004 жылы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "халықаралық құқық" мамандығы бойынша, ал 2007 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін "менеджмент" мамандығы бойынша, 2011 жылы Қазақ экономика,  қаржы және халықаралық сауда университетін "ақпараттық жүйелер" мамандығы бойынша бітірген.

 

2004-2006 жылдары Қазақстан Республикасы ақпарат және байланыс агенттігінің жобаларды басқару бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.  

 

2011 жылдан бастап "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" АҚ инфрақұрылымдық жобалар мониторингі департаментінің бас менеджері қызметін атқарған. Кейіннен Сервистік ақпараттандыру моделі департаментінің директоры лауазымына ауысты.

2017 жылы "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" АҚ басқарушы директоры қызметіне тағайындалды, кейін холдингтің басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.

2018-2019 жылдары ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болып еңбек етті.

2019 жылдан қазірге дейін Қазақстан Республикасы премьер-министрінің кеңесшісі болды.

34 жастағы жаңа вице-министр

Жанат Зарубекқызы Жахметова 1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін және Абердин университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2009 жылы "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" АҚ ЖФ сынақ зертханасының жетекші маманы болып бастаған. Әр жылдары ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға жетекшілік ететін орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеген.

2014-2016 жылдары – инвестициялар және даму министрлігінің байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының басшысы.

2016 жылдың маусымынан 2017 жылдың шілде айына дейін – ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ақпараттандыру департаменті директорының орынбасары.

2017 жылғы шілдеден бүгінгі күнге дейін "Зерде" ҰИХ" АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Жаңалықтар
0