Экономика

Асқар Маминнің орнына жаңа төраға келді  

© Sputnik / Владислав ВодневСирийские переговоры. Нур-Султан, 11 декабря 2019 год
Сирийские переговоры. Нур-Султан, 11 декабря 2019 год - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлыбритания азаматы Джон Дудас көпшілік дауыспен "Самұрық-Қазына" директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды

НҰР-СҰЛТАН, 6 ақпан – Sputnik. Бүгін жалпы дауыс беру арқылы "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып Джон Дудас сайланды. Бұған дейін бұл қызметті Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин атқарды, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы атышулы генерал-майор жаңа қызметке тағайындалды 

2018 жылы мамырда қабылданған "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан премьер-министрі қордың директорлар кеңесінің құрамынан кетті.

"Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" заңның 8-бабының 2-тармағына сәйкес, қордың директорлар кеңесінің төрағасы тәуелсіз директорлардың арасынан жасырын дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен сайланады", - делінген хабарламада.

Бұл жаңашылдық 2018 жылдың сәуірінде Елбасы мақұлдаған қордың жаңа даму стратегиясына, сондай-ақ реттеуші функцияларынан меншік иесі ретінде мемлекеттің функцияларын нақты бөлуді көздейтін мемлекет қатысатын компаниялар үшін халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.

© Photo : Сайт ФНБ "Самрук-Казына" "Самұрық-Қазына" қоры директорлар кеңесінің төрағасы болып Джон Дудас сайланды
Асқар Маминнің орнына жаңа төраға келді   - Sputnik Қазақстан
"Самұрық-Қазына" қоры директорлар кеңесінің төрағасы болып Джон Дудас сайланды

Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап қордың директорлар кеңесі 7 мүшеден тұрады – олардың төртеуі тәуелсіз директорлар: Онг Бун Хви, Қайрат Мәжібаев, Джон Дудас және Альпер Акдениз, сондай-ақ президенттің көмекшісі Қанат Бозымбаев, ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов және қор төрағасы Ахметжан Есімов.

Джон Дудас туралы не білеміз?

Джон Дудас 1959 жылы 24 желтоқсанда туған, Ұлыбритания азаматы. Ол Gencor Ltd. және BHP Billiton сияқты халықаралық компанияларда басшылық қызметтерді атқарды, онда компания тобының бас коммерциялық директоры және маркетинг жөніндегі директоры, корпоративтік жоспарлау жөніндегі директоры және алюминий бөлімшесінің бас директоры болған.

2012 жылдан бастап Джон Дудас әртүрлі көпұлтты тау-кен және кәсіби сервистік компанияларда тәуелсіз директор және корпоративтік кеңесші болып жұмыс істеді.

 "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесіне сайланғанға дейін "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ тәуелсіз директоры және директорлар кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеді, сондай-ақ қазір Джон Дудас  "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ директорлар кеңесі жанындағы комитеттердің мүшесі.

Жаңалықтар
0