НҰР-СҰЛТАН, 5 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда қарды уақытылы тазаламағаны үшін 200-ден астам астаналық жауапқа тартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2020 жылдың басынан бері қарды уақытылы тазаламағаны үшін 200-ден астам құқық бұзушы 6 миллион теңгеден (шамамен 15,7 мың доллар) астам сомаға жауапқа тартылды.
Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда бораннан кейін тонналаған қар ерітіліп жатыр – ғажайып машинаның видеосы
Қызмет көрсетілетін үйлердің іргелес және бекітілген аумағын уақытылы және дұрыс тазартпағаны үшін 40-тан астам қызмет көрсетуші ұйым (ПИК, ЖШС) және 30-дан астам мердігер ұйым шамамен 3 миллион 900 мың теңгеге жуық сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қарды рұқсат етілмеген жерлерге түсірген 40-қа жуық жүк көлігінің жүргізушісіне миллион теңгеден астам айыппұл салынды.
Нұр Сұлтандағы төтенше жағдай режимі
27 қаңтардан бастап Қазақстанның астанасында ауа-райының нашарлауына байланысты жергілікті ауқымда төтенше жағдай режимі жарияланды.
Төтенше жағдайлар комитеті климаттық жағдай "айтарлықтай күрделі және нашарлауы мүмкін" деп атап өтті.