Әлем

Қазақстанның жаңа елшісі Владимир Путинге сенім грамотаcын тапсырады

Жазылу
Ресей президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі Үлкен Кремль сарайының Александров залында өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 5 ақпан – Sputnik. Сәрсенбі, 5 ақпанда жаңадан тағайындалған Қазақстан Республикасының Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге сенім грамотасын тапсырады.

"5 ақпанда Владимир Путин шет мемлекеттердің жаңадан келген 23 елшісінен сенім грамоталарын қабылдайды. Рәсім әдеттегідей Үлкен Кремль сарайының Александров залында өтеді", - деп жазылған Ресей Федерациясы басшысының ресми сайтында.

Көшербаевпен бірге Ұлыбритания, Германия, Қытай, АҚШ, Франция және басқа елдердің елшілері сенім грамоталарын тапсырады.

Қазақстанның Ресейдегі жаңа елшісі тағайындалды

Ермек Көшербаев 29 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі болды. Бұл қызметті оған дейін атқарған Иманғали Тасмағамбетов зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты 2019 жылдың 18 желтоқсанында қызметінен босатылды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның Ресейдегі елшісі тағайындалды 

Ермек Көшербаев 1965 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Тағайындалғанға дейін Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарды.

Тоқаев пен Назарбаев елшіге қандай тапсырма берді

Тағайындалғаннан кейін бір күннен соң президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Көшербаевпен кездесіп, оған бірқатар нақты тапсырма берді.

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясымен стратегиялық және одақтастық қарым-қатынастарды одан әрі жан-жақты дамытудың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлады Ақорда.  

1 ақпанда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев тағайындалған елшіні қабылдап, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің және Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастарды нығайтудың маңыздылығына тоқталды.

Елбасы интеграциялық бірлестіктер мен халықаралық ұйымдар аясындағы Қазақстанның қызметіне қатысты мәселелерді зерделеп, пысықтау қажеттігін атап өтті.  

Жаңалықтар
0