Әлем

Түркия мен Ресей қатынасы қалай дамып келеді?

Жазылу
Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанның қызба мінезінің Ресей Федерациясы үшін пайдасы зор, деген пікір айтылды

НҰР-СҰЛТАН, 5 ақпан – Sputnik. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған кезекті рет бүкіл әлемге сабырсыздығы мен қызу мінезін көрсетіп отыр, деп хабарлайды РИА Новости басылымы.

Дүйсенбі күні Украинаға жасалған сапар алдында Режеп Тайып Ердоған оның елі "Қырымның заңсыз аннексиясын" мойындамайды деп мәлімдеме жасады. Ал Киевтің өзінде ол құрметті қарауылды "Украина жасасын" деген сөздермен қарсы алды.

Бұл қадамдардың артында Мәскеуге тиісіп, оны ашуландыру тілегі анық көрініп тұр. Ал бұған сириялық Идлиб төңірегіндегі жағдай себеп болды. Соңғы күндері Ердоған Ресейді келісімшарттардың бұзулуы мен Дамаскіні бетімен жібергені үшін айыптап үлгерді.

Түркия басшысы әдет бойынша сөздерді дұрыс таңдамады. Атап өтсек, оның айтуынша ресейлік тарапқа "біздің жолды кеспеңдер" деген сигнал жеткізілді.

Тағы оқыңыз: Түркиядағы жер сілкінісі: Тоқаев пен Назарбаев Ердоғанға көңіл айтты

Анкараның көптеген өткір сөзіне Кремль сабырлы реакция танытты. Бұның жанында Түркия тарапының эмоциялық қызбалылығы кемшілік боп көрінеді. Яғни, ол өзімен, осындай мінез-құлыққа себеп болған жағдаймен күресуге қабілетсіз болып көрінетіні анық.

Еске салсақ, Идлиб – Сирияның солтүстік-батысында орналасқан, Түркиямен шекаралас аймақ. Ол үкіметке қарсы күштердің бақылауында. Бұл күштер қатарында ашық лаңкестік топтар, әсіресе "Джебхат ан-Нусра" тобы бар.

Бастысы – онда Түркия мүдделері өте мықты. Бұны Түркия қарулы құрылымдары мен көрші елдің тұрақты әскерлерінің де болуынан анық көруге болады.

Тағы оқыңыз: "Кім кінәлі?": Сирия тағы отқа оранды

Сондықтан Идлибтегі жағдай бірнеше рет айрықша халықаралық келісімдердің мәніне айналды. Ал бұл келісімдер аймақтағы кең ауқымды әскери іс-қимылдарды тоқтатуға бағытталған.

Дегенмен сириялық әскерде осы аумақта лаңкестермен күресу құқығы қалды. Ол сонымен айналысып келеді - желтоқсанда Идлибте үкіметтік әскерлер операциясының екінші белсенді кезеңі басталды.

Қазіргі таңда Саракиб қаласы үшін шайқас жүріп жатыр. Және де, Анкараның ауыр реакциясына қарағанда, аймақтағы процесс Дамаск пайдасына шешіліп келеді.

Жаңалықтар
0