6 ақпанға жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН
10:00 - Парламент сенатының жалпы отырысы өтеді (Сенат отырысының залы).
2022 жылы Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына іріктеу бойынша Олимпиада алдындағы біліктілік турнирінің "Н" тобындағы кездесулері өткізіледі ("Барыс Арена" мұз сарайы, Тұран даңғылы, 57).
15:00 - Польша - Нидерланды
19:30 - Украина - Қазақстан
15.00 - БҰҰ даму бағдарламасының ұлттық баяндамасынының сарапшылық талдауы өтеді. Баяндаманы әзірлеу кезінде еліміздің 30 қаласы мен барша өңірі зерттелген. Спикерлер: БҰҰ даму бағдарламасы адамның дамуы офисінің директоры ( Нью-Йорк) Педро Консейсао, Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасының тұрақты өкілі Якуп Бериш, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, астана әкімі Алтай Көлгінов, мемлекеттік қызмет саласындағы Астана хабының төрағасы председатель Әлихан Бәйменов, Елбасы академиясының жетекшісі Фархад Қуанғанов (Назарбаев университеті, конференц-зал №1010, Блок C3. Аккредитация: undp.kz.media@undp.org немесе +7 (7172) 69 65 44 ( 2402, 2404).
АЛМАТЫ
10.00 - "Шыны бағы" атты Чехияның көркем шыны бұйымдарының көрмесі ашылады. Көрмеге кезінде әлемге танымал шыны шебері Иржи Пачинеканың 30 жұмысы шығарылады. Көрме 1 наурызға дейін жалғасады (Қастеев атындағы өнер музейі, "Көктем 3" шағын ауданы, 22/1. Байланыс телефоны: +7 727 394 57 15).
7 ақпанға жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН
2022 жылы Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына іріктеу бойынша Олимпиада алдындағы біліктілік турнирінің "Н" тобындағы кездесулері өтеді ("Барыс Арена" мұз сарайы, Тұран даңғылы, 57).
15:00 - Польша – Украина
19:30 - Қазақстан – Нидерланды
АЛМАТЫ
18.00 - "Хәрри Поттер мен пәлсапа тас" кітабының қазақ тіліндегі нұсқасы таныстырылады (Жамбыл Жабаев атындағы жасөспірімдер кітапханасы, Назарбаев даңғылы, 43. Байланыс телефоны: +7 700 246 35 30).
19.00 – Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған "Абай әлемі" концерті ұйымдастырылады. Шараға Қазақстанның еңбегі сіңірген қайраткері Еркін Шүкіман, республикалық және халықаралық конкурстардың жеңімпаздары Оксана Давыденко, Венера Алпысбаева, Салтанат Құдайбергенова және квартет Il Canto қатысады. Дирижер - Абылай Тілепберген ("Құрманғазы" оркестрінің концерт залы, Абылай хан даңғылы, 83. Байланыс телефоны: +7 727 279 14 26).
8 ақпанға жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН
17.00 – "Чарующая Франция" атты Forte Trio концерті концерті өтеді ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).
18.00 - "Золушка" балеті сахналанады. Хореограф-қоюшы, либретто авторы - Надежда Калинина ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала көшесі, 9).
9 ақпанға жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН
2022 жылы Бейжіңде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына іріктеу бойынша Олимпиада алдындағы біліктілік турнирінің "Н" тобындағы кездесулер өткізіледі ("Барыс Арена" мұз сарайы, Тұран даңғылы, 57).
13:00 - Нидерланды – Украина
17:00 - Қазақстан – Польша
12.00 - "Peter and the Wolf" симфониялық ертегісі қойылады ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).
17.00 – "Сделано в Астане" атты Neon Winchester тобының үш жылдығына арналған концерт ұйымдастырылады ("Самал" шағын ауданы, 11, "The Friendly`s" клубы).
13 ақпанға жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН
19.00 - Серік Нұрмолдаевтың Romantic Sybyzgy тақырыптық кеші өтеді ("Қазақстан" орталық концерт залы, Мәңгілік ел даңғылы, 10/1).
14 ақпанға жоспарланған шаралар
АЛМАТЫ
18.30 – Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері, профессор мен дирижер Жалғасбек Бегендіковтың "Сиқырлы таяқша құдіреті" атты шығармашылық концерті ұйымдастырылады ("Құрманғазы" оркестрінің концерт залы, Абылай хан даңғылы, 83. Байланыс телефоны: +7 (727) 279 14 26).
15 ақпанға жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН
19.00 - LA VIE EN ROSE француз музыкасының кеші болады. Концертте Қазақконцерттің солисі, вокалшы Гүлнәр Көшенова өнер көрсетеді. Ол "Х-фактор", "Қазақстан дауысы" және Top jargan сияқты тележобалардың финалына шыққан. Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты ("Қазақстан" орталық концерт залы, Мәңгілік ел даңғылы, 10/1).
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.