Мәдениет

Қазақстанның "Астана Операсы" мен Ресейдің "Үлкен театры" меморандум бекітті

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание театра "Астана Опера"
Здание театра Астана Опера - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бекітілген келісім шарттарына сай, әртістер және театр мамандарымен алмасу, бірлескен қойылымдар қою мен тағы басқа жұмыстар жүргізіледі

НҰР-СҰЛТАН, 5 ақпан – Sputnik. "Астана Опера" театры (Нұр-Сұлтан) және Үлкен театр (Ресей, Мәскеу) ынтымақтастық туралы меморандум бекітті. Бұл құжат - 15 мамырда Мәскеуде болған екі жақты келіссөздердің нәтижесі, деп хабарлады астаналық театрдың баспасөз қызметі.

Келісім Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің қолдауымен бекітілді. Оған "Астана Опера" театрының директоры Ғалым Ахмедьяров пен Ресейдің Үлкен театрының бас директоры Владимир Урин қол қойды.

Тараптар әріптестікті бірнеше бағыт бойынша дамытпақ.

© Sputnik / Екатерина Чеснокова / Медиабанкке өтуҮлкен театр
Қазақстанның Астана Операсы мен Ресейдің Үлкен театры меморандум бекітті - Sputnik Қазақстан
Үлкен театр

"Мамандар, әртістер, орындаушылар ұжымдарымен өзара тиімді алмасудан басқа, кейінгі жоспарларға гастрольдер ұйымдастыру, бірлескен қойылымдар қою, екі театрдың жетекші мамандарының шеберлік сабақтарын өткізу, музыкалық конкурстар және фестивальдерге қатысу кіреді", - делінген театр мәліметінде.

"Астана Опера" серіктестері қатарында "Ла Скала", "Сан-Карло", "Карло Феличе" театрлары (Италия), Мариин театры, Новосибирск мемлекеттік академиялық опера және балет театры (Ресей), Шанхай Үлкен театры (Қытай), "Опера Европа" халықаралық опера қауымдастығы (Ұлыбритания) мен басқалар сияқты әлемнің жетекші ұжымдары бар.

Жаңалықтар
0