Оқиға

Кінәсін мойындады: Қазақстанда генерал-майор ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әскери шенеунік құзіретіне кәсіби кадрларды іріктеу мен орналастыру, жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және алдын алу шаралары кірген

НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан – Sputnik. Қорғаныс министрлігінің генералы жүйелі түрде пара алғанын мойындады, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі.

Ресми мәліметке сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қорғаныс министрлігімен бірлесіп, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деген күдікпен кадр және әскери білім беру департаментінің бастығы, генерал-майорды ұстады.

Әскери шенеунік құзіретіне кәсіби кадрларды іріктеу мен орналастыру, жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және алдын алу шаралары кірген.

Тағы оқыңыз: Алматыдағы атышулы генерал-майор жаңа қызметке тағайындалды

Алайда ол өзі қол астындағы қызметкерлерден жалпы қамқорлығы және қызмет бабымен көтергені үшін айтарлықтай мөлшерде жүйелі түрде пара алып отырған.

"Күдікті кінәсін мойындады және қорғаушы қатысуымен іс жүргізу келісімін жасау туралы өтініш білдірді. Биылғы жылдың 31 қаңтарында күдіктіге қатысты үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Күдікті кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады", - делінген ресми хабарламада.

Жаңалықтар
0