Қоғам

"Тальгода" әйелді зорлау оқиғасы: жолсеріктің әкесі жауапқа тартылды

© Sputnik / Ксения ВоронинаЖенщина, ставшая жертвой проводников-насильников в "Тальго"
Женщина, ставшая жертвой проводников-насильников в Тальго - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өткен жылы тамыз айында жәбірленуші әйел ел алдына шығып, басынан өткен сұмдық оқиғаны жылап тұрып айтып берген болатын

НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан – Sputnik. Елорданың №2 Алматы аудандық сотында жала жабу әрекеті бойынша іс қаралды. Арыз беруші екі адамды жауапқа тартуды талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот материалдарына сәйкес, "Тальгода" әйелді зорлау оқиғасы бойынша сотталған жолсеріктердің жақындары жауапқа тартылды. Біреуі – Құрманиязовтың әкесі, екіншісі – Үмбеталиевтің жұбайы А.Төрәлиева. Олар блогер Тәңірберген Бердоңғарға сұхбат беріп, әйелдің жолсеріктерден ақша бопсалағаны туралы жалған ақпарат таратқан.

Арыз беруші екеуінен 15 000 000 теңге көлемінде моральдық шығын өндіріп алуды, сондай-ақ, Тәңірберген Бердоңғардың арнасындағы видеоны алып тастауды талап еткен. Ол видео желіге шыққан күні бірнеше сағаттан кейін түзетілген.

Сот үкіміне сәйкес, С.Құрманиязов бұқаралық ақпарат құралдары арқылы адамның ар-намысына тиетін жалған мәлімет таратқаны үшін кінәлі деп танылып, 6 айға бас бостандығы шектелді. Сондай-ақ, сот жәбірленушіге бір миллион теңге көлемінде моральдық шығын өндіріп алды. Себебі Құрманиязов сұхбат бергенде жалған ақпарат таратып жатқанын алдын ала білген. Ал А.Төрәлиева күйеуінің айтқанына сүйенген және оның жалған мәлімет екенін білмеген. Сондықтан сот оны ақтап шықты.    

Тальгодағы оқиға

Жаға ұстатарлық оқиға 2018 жылдың қыркүйек айында болған. Ал қараша айында "НеМолчиKZ" зорлық-зомбылыққа қарсы қоғамдық қозғалысы" қорының басшысы Дина Таңсәрі осы оқиға туралы ашық жазды. Оның айтуынша, елордадағы ғылыми конференциядан Ақтөбеге қайтып бара жатқан әйелді "Тұлпар-Тальго" пойызында екі жолсерік бірінен соң бірі зорлаған.

Судья бұл оқиғаны жабылып зорлау деудің орнына "әдеттегі әйел зорлау" деп бағалады. Осылайша, Жетес Үмбеталиев пен Қолқанат Құрманиязов қылмыстық кодекстің 120-бабы 1-бөлігінің 1-тармағы (зорлау) бойынша кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 айға жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл оқиға қазақстандықтардың наразылығын тудырды. Бас көлік прокуроры жолсеріктерге шығарылған сот үкімі қайта қаралатынын мәлімдеді. Ал Қазақстан темір жолы зорланған әйелден кешірім сұрады.

Өткен жылы тамыз айында жәбірленуші әйел ел алдына шығып, басынан өткен сұмдық оқиғаны жылап тұрып айтып берді.

2019 жылы 25 желтоқсанда кезекті сот отырысы өтіп, екі жолсерік бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Жаңалықтар
0