Қоғам

Қытайдағы коронавирус: министр азаматтардан тынышталуды өтінді

© Sputnik / Абзал КалиевМинистр здравоохранения Елжан Биртанов
Министр здравоохранения Елжан Биртанов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір Қазақстанда 33 адам стационарда жатыр, оларда коронавирус күдігі расталған жоқ. Барлығына жеке заты мен ұялы телефоны санитарлық өңдеуден өткізіліп берілген

НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазақстандықтарды дүрлікпей, тынышталуға шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Коронавирус күдігімен түскен барлық пациент тез арада тексеріледі. Бес-алты сағат ішінде диагнозын анықтаймыз. Қазір, Құдайға шүкір, ешкімде расталған жоқ. Сондықтан мен азаматтардан тынышталуды өтінемін", - деді Біртанов үкімет кулуарында.

Министрдің айтуынша, Қытайдан келу толық тексерістен өтуге негіз емес.

"Кейбір адамдар "тексеріліп, тынышталғым келеді" деп дүрлігіп жатыр. Қаралуға болады, бірақ еш қажеттілік жоқ. Тексерілу үшін аурудың белгілері байқалуы тиіс. Бұл арзан анализ емес, кім көрінгенге анализ жасай беруге де қажеттілік көріп отырған жоқпыз. Тесті (коронавирусты анықтайтын) енді ғана жасап шығардық, оң нәтижесін беріп жатыр. Қазір санын арттыруды жоспарлап отырмыз", - деді ол.

Біртанов осындай тестің Қытайдан үшінші партиясы келетінін жеткізді. Осыдан кейін пациенттер қайта тексеріледі.

Тағы оқыңыз: Қытайдан эвакуацияланған студент Қазақстан халқына үндеу жасады

"Соңғы дерек бойынша қазір 33 адам стационарда жатыр. Коронавирус күдігі расталған жоқ", - деді министр.

Ол елордадағы ауруханаларда карантинде жатқан қазақстандық студенттердің жағдайы жақсы екенін атап өтті.

"Кеше барлығына жеке заттары мен ұялы телефондарын санитарлық өңдеуден өткізіп бердік. Бәріне арнайы лабораторлық тексеріс өткізілді. Коронавирус табылған жоқ", - деді ведомство басшысы.

Жаңалықтар
0