Саясат

Қытай Помпеоның Шыңжаңдағы қазақтар қысым көріп жатыр деген мәлімдемесіне жауап қатты

© AP Photo / Ng Han GuanФлаги Китая
Флаги Китая - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қытайдың Қазақстандағы елшісі АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Шыңжаңдағы этникалық қазақтардың жағдайы туралы сөздеріне жауап берді

НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан – Sputnik. Қытайдың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның айтқан сөзіне қатысты мәлімдеме жасады.

"2020 жылдың 2 ақпанында АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстанға сапары кезінде Қытайға қарсы қозғалыстың жергілікті өкілдерімен кездесіп, Нұр-Сұлтанда баспасөз мәслихатын өткізді, онда ол Қытайды миллион Шыңжаң ұйғыры мен қазақ мұсылмандарын түрмеге жапты деп айыптады, Қытай мен Ресей инвестициялары Қазақстанның егемендігі мен ел дамуының ұзақ мерзімді перспективаларына зиян келтіреді деп мәлімдеді", - деп жазды елші Facebook-тегі аккаунтында.

Оның пікірінше, Помпео қытай-қазақ қарым-қатынасын бұзу үшін тіпті жаңа коронавирус эпидемиясын қару ретінде қолдануға тырысқан. Ол АҚШ мемлекеттік хатшысының мәлімдемесін "Помпеоның Қытайға қарсы тағы бірі қойылымы" деп атады.

"Қытай миллион ұйғырды түрмеге жапты" деген айыпқа қатысты айтар болсақ, бұл факт бұрыннан белгілі болды, өйткені америкалық "Сұр аймақ" тәуелсіз жаңалықтар сайтының тергеу қорытындысы бойынша, "1 миллион" деген сан тек сегіз адамның сауалнамасына негізделіп айтылған. Бұл өте күлкілі жағдай", - деп толықтырды Қытайдың Қазақстандағы елшісі.

Оқи отырыңыз: АҚШ Қытайда қысым көрген этникалық қазақтарға қатысты мәлімдеме жасады

Ол шын мәнінде соңғы 40 жылдың ішінде Шыңжаңдағы ұйғыр халқы 5,5 миллионнан 11 миллионға дейін көбейгенін атап өтті, бұл Шыңжаң халқы жалпы санының 46,8 процентіне жуықтайды екен.

"Шыңжаңда 25 000-нан астам мешіт бар, бұл сан АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Германиядағы мешіттерді қоса алсаң да көп. Орта есеппен әр 500 мұсылманға бір мешіттен келеді, яғни кейбір мұсылман елдеріндегі мешіттерге қарағанда көп. Помпео Шыңжаң туралы негізгі фактілерді елемей, Қытайға күйе жағуды жалғастыра отырып, әлемге тек өзінің идеологиялық соқыр сенімі мен теріс түсінігін көрсетті", - деп мәлімдеді Чжан Сяо.

Жаңалықтар
0