НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан – Sputnik. Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер көктемде су басу қаупі бар өңірлерді атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында су тасқыны жағдайы күрделі болады деп болжап отырмыз. Ал Қазақстанның оңтүстігінде жағдай әзірге тұрақты. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында жауын-шашын нормадан төмен", - деді Беккер үкімет кулуарында.
Ол қазір су тасқыны жағдайы туралы айту ертерек екенін тілге тиек етті. Себебі жағдай бір жарым ай ішінде өзгеріп кетуі мүмкін.
Беккер әзірге елордаға су басу қаупі төніп тұрмағанын жеткізді. Шығыс Қазақстан облысында да жауын-шашын нормадан көп түскен. Сол себепті Бұқтырма өзені төтенше жағдай қызметтерінің жіті бақылауында.
Тағы оқыңыз: Қазақстанның бірқатар өңірінде төтенше жағдай жариялануы мүмкін
Сондай-ақ, ол Сырдария өзенінде жағдай тұрақты болады деп болжанып отырғанын айтты.