Оқиға

Атырауда бейнебақылау камерасына түсіп қалған видео жылдам таралып жатыр

© Sputnik / Абзал КалиевТемный подъезд обесточенного ЖК "Нурсая-2"
Темный подъезд обесточенного ЖК Нурсая-2 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Таралып жатқан видеоға пікір білдіргендер қарақшылық шабуыл "Нұрсая" шағын ауданында жасалғанын айтады   

НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан – Sputnik. Атыраудағы үйлердің бірінің бейнебақылау камерасына түсіп қалған видео әлеуметтік желіде жылдам таралып кетті, деп хабарлады ATPress.kz.

Роликтен әйел есікті аша бергенде баспалдақтан әлдебір еркек түсіп, үй иесінің қарсылығына қарамастан, артынан пәтерге кіргенін көруге болады. Қаскүнемге әйелді аңдып келген сыбайласы көмектеседі.

Қас қағым сәттен кейін қарақшыларды пәтерден ер адам итеріп шығарады, оған бала-шағасы көмектеседі, жанжал басталады. Қылмыскерлердің бірі дереу бой тасалаған, екіншісі әрең дегенде қашып құтылады. Видеодағы датаға қарағанда, оқиға кеше, 3 ақпан күні сағат 18:46-да болған.

"Тонауға әрекеттену фактісі тіркелді, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деп видеоға түсініктеме берді "Атырау облысы әкімдігінің" Telegram чат-каналында оblystyk jergilikti polizya өкілі.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі кейінірек міндетті түрде ақпарат беруге уәде етті.

Оқи отырыңыз: Алматы тұрғыны жасырын камера орнатып, пәтерінде не болып жатқанын білді – видео 

 

Жаңалықтар
0